«Таңғы тазалық қозғалысы»: Жамбылда жаңа күн – бес күннен бері жаңа әдетпен басталуда!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі ерекше әрі тың бастаманы қолға алды — «Таңғы тазалық қозғалысы». Бұл жоба — пайдалы мен жағымдыны ұштастыра отырып, әр таңды сергектікпен әрі жауапкершілікпен бастау идеясынан туындаған.

Ұраны — «Әр таң — мүмкіндік! Әр таң — тазалық!»

Бір аптадан бері жалғасып келе жатқан бұл қозғалыс күн сайын кеңейіп келеді. Алғашында тек қызметкерлер қатысқанымен, қазір аулаларды тазарту барысында тұрғындар да қызығушылық танытып, ерікті түрде қосыла бастаған. Бұл қоғамда экологиялық және азаматтық жауапкершілікке деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Жобаның басты мақсаты — таңғы дене жаттығуынан кейін қоршаған ортаны тазалау мәдениетін қалыптастыру арқылы қоғамға үлгі көрсету. Сонымен қатар бұл бастама республикалық «Таза Қазақстан» акциясымен үндесіп, барша тұрғынды белсенділікке шақырады.

«Таңғы жаттығу — өз денсаулығымыз үшін жақсы әдет. Ал одан кейінгі тазалық — қоғам үшін үлкен жауапкершілік!»

Бастама саябақты ұжымдық тазалаудан басталды. Ал кейінгі күндері қызметкерлер өз аулаларын немесе көшелерін тазалап, бұл сәттерді бейнежазбаға түсіріп, күн сайын ортақ чатқа немесе әлеуметтік желіге жүктейді. Ең бастысы — әрбір таңғы тазалық біріккен бейнероликке айналып, шабыт беретін контент ретінде жарияланып отырады.

Қозғалыс барысында аулаларда жүрген қызметкерлердің әрекетін көрген тұрғындар да қосыла бастады. Бұл — тазалықтың жұқпалы екенін, жақсылықтың үлгі арқылы таралатынын тағы бір мәрте дәлелдейді.

Бұл жобаның нәтижесінде азаматтар жеке мәдениетін жетілдіріп, қоғамдық сана-сезімі мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясына нақты үлес қосылып, Жамбыл облысы экологиялық тұрғыдан республикаға үлгі бола алады.

Бұл қозғалыс — жай тазалық емес. Бұл — сана, мәдениет пен жауапкершілікке бастар жол. Сондықтан Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі бұл эстафетаны облыс тұрғындарына және еліміздегі барлық Өңірлік коммуникациялар қызметтеріне жолдайды.

Таңды жақсы іспен бастайық! Әр таң — жаңа мүмкіндік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/989166?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді