
Тараз бен Мултан қалалары бауырластық орнатуға ниетті

Ауқымды басқосу аясында Тараз қаласы мен Пәкістанның Мултан шаһарының өкілдері арасында келіссөздер жүргізілді. Айталық, ресми жиын барысында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Гүлдана Жауынбекова мен Мултан шаһарының басшысы Амир Кареем Хан алдағы уақытта жүзеге асатын сауда-саттық, қолөнер және инвестиция бағытындағы жобаларды талқылап, екі қала арасында бауырластық орнатуға ниетті екендерін білдірді.
1 миллион 500 мыңнан аса халқы бар Мултан қаласы – Пәкістанның көне шаһарларының бірі. Ауыл шаруашылығы саласы мен қолөнер бұйымдарын шығаруды экономикасының негізгі тірегіне айналдырған қала бүгінде барша адамзаттың ортақ құндылығы саналатын сәулет ескерткіштерімен, тарихи нысандарымен танымал.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988560?lang=kk
Жауап қалдыру