Тазалық сақтамаған тұрғындар айыппұл төлиді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 🔰Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып жатыр.

  🔹Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
   🔹Сонымен қатар, 1 наурыз бен 31 наурыз аралығында тазалық сақтамаған 393 нысан иесі анықталса, 280 адамға ескерту берілді және 113 адамға айыппұл салынды.

  📌Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/988586?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді