ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЙРІКТЕРІ АҚТЫҚ КЕЗЕҢГЕ ЖОЛДАМА АЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Астана қаласында өткен республикалық командалық айтыстың жартылай финалында Түркістан облысының айтыскер ақындары мен жыршы-термешілерінен құралған командасы Ақтөбе облысын жеңіп, ақтық кезеңге жолдама алды.
 
🔹Қатысушылардың мәлімдеуінше жартылай финал тартысты өткен. «Ерлік – елдік дастаны» тақырыбын арқау еткен аламанда айтыстың арыстаны, «Алтын домбыра» иегері Бекарыс Шойбеков бастаған өңіріміздің мықтылары жеңіске жетіп, ел мерейін арттырды.
 
🔹Былтыр наурыз айында бастау алған жоба Түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтау қаласында қорытындыланбақ. Түркістандықтарды финалдағы өнер додасында Қарағанды облысының жүйріктері қарсылас болмақ.
 
🔹Айта кетейік,ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және «AMANAT» партиясының қолдауымен өтіп жатқан сайысты әр өңірдің әкімдігі мен Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағы бірлесіп ұйымдастырып келеді.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/989360?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді