ТҮРКІСТАН ТЕАТРЫНДА «ҚАРАСӨЗ» ПЛАСТИКАЛЫҚ СПЕКТАКЛІНІҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан музыкалық драма театрында «Қарасөз» пластикалық спектаклінің премьерасы өтті. Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай оның рухани мұрасына арналған қойылым көрерменді терең ойға, ерекше әлемге жетеледі.
 
🔹«Қара сөз» – бұл жай ғана спектакль емес. Бұл – көрерменнің өз ішкі әлемімен кездесуі, жан тыныштығын іздеуі, жүрек үнін тыңдауы. Тоғыз көріністен тұратын қойылым арқылы қазақтың кең даласының рухы мен көшпенді философиясының терең тамыры, Абай ілімінің заманауи интерпретациясы көркем бейнеленді.
 
🔹Спектакльдің хореографиялық шешімдері мен музыкалық сүйемелдеуі шығарманың маңызын арттыра түсті. Би қимылдары мен сахналық пластика сөзсіз-ақ терең мағынаны жеткізіп, көрермендерді сезім биігіне жетеледі. Премьераға жиналған көрермен қойылымнан ерекше әсер алып, шығармашылық топтың жаңашылдығы мен терең ойына зор ризашылық білдірді.
 
🔹Айта кетейік, ұлттық өнердің жаңа белесі, заманауи сахналық тіл мен дәстүрлі рухтың ұштасқан үлгісі болған қойылым бүгін де театр сахнасында көпшілік назарына ұсынылады.
 
Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-madeniet/press/news/details/989350?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді