
Ұмтыл ауылының сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және жаңадан салу жобасы мемлекеттік сараптамадан сәтті өтіп, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.
Ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету – көп жылдан бері көтеріліп келе жатқан маңызды әрі күрделі мәселе. Бүгінде бұл түйткілді шешу үшін облыстық басқарма тарапынан қаржы бөлініп, мердігер мекеме нақты жұмысқа кірісті.
Аталған жоба ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-karatal-aitu-bi/press/news/details/987930?lang=kk
Жауап қалдыру