
2025 жылдың 3 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орайластырылған волейбол турниріне қатысты.
Турнирге полиция, сот, прокуратура, нотариат палатасы, адвокаттар алқасы, жеке сот орындаушылары палатасының қызметкерлерінен құралған командалар қатысты.
Бұл турнир жай ғана спорттық жарыс емес, сонымен қатар ардагерлердің ерлігіне деген құрметтің, бірлік пен рух күші, ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске салатын іс-шараға айналды.
Турнир соңында ұйымдастырушылар жарыс қорытындыларын шығарып, қатысушыларға естелік марапаттар табыс етті.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/989398?lang=kk
Жауап қалдыру