
А.ж. 22 сәуір күні Атырау облысы Әділет департаментінің қатысуымен құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық әлеуетін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында, сыбайлас жемқорлықты азайту бастамалары аясында «Заң және тәртіп» қағидалары негізінде «BAIZAAR» сауда-ойын-сауық орталығында азаматтарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды. Іс-шараға Департамент қызметкерлерімен қатар, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті және «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы РҚБ Атырау облысы бойынша филиалының, Атырау облысы және қаласының прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысының Полиция департаменті, Адвокаттар алқасы мен Медиация орталығының өкілдері қатысты. Іс-шараның мақсаты: халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша заңды көмек көрсету; жергілікті мемлекеттік органдарға сенімді арттыру; халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру; халықпен тікелей, ашық қарым-қатынас орнату, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, шешу жолын қарастыру.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/988227?lang=kk
Жауап қалдыру