“Жастар кубогы” Отан қорғаушылар күні мен Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Мұқыр ауылын біріктірді!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 3 мамырында Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында ауыл жастарының бастамасымен 7 мамыр Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Жастар Кубогы» атты қызықты футбол турнирі өтті!
Мұқыр ауылының жастары өздерінің белсенділігі мен спортқа деген сүйіспеншілігін тағы да көрсетіп, осындай маңызды іс-шараны ұйымдастырды. «Жастар Кубогы» салауатты өмір салтын насихаттауға ғана емес, сонымен қатар маңызды мемлекеттік мерекелер қарсаңында әр түрлі буын өкілдерінің қарым-қатынас жасауы мен бірлесуіне тамаша мүмкіндік болды.
Осы керемет атмосфераны құрғаны үшін барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және жанкүйерлерге алғысымызды білдіреміз! Біз бірге батырлардың рухын құрметтейміз және ауылымыздың спорттық рухын қолдаймыз! 💪🇰🇿

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-ertis/press/news/details/989107?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді