Жастарға радикалды діни ағымдардан сақтану жолдары түсіндірілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазіргі таңда діни экстремизм мен радикализм қоғам үшін аса өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Осы бағытта, дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Қ.Мырзабай «Ұлықбек» атындағы жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – жасөспірімдердің экстремистік идеологиялар мен зорлық-зомбылықтың зияны туралы ақпараттандыру, сондай-ақ, оларда толеранттылық, құрмет және бейбітшілік рухында тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ететін құндылықтарды қалыптастыру, жастардың діни сауатын арттыру және теріс діни ағымдардан сақтандыру.

Теолог маман қатысушыларға діни экстремизм мен радикализмнің негізгі белгілерін, олардың қоғамға тигізетін зардаптарын, сондай-ақ жат ағымдардың ерекшеліктерін түсіндірді. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам мен деструктивті ағымдардың айырмашылықтары, теріс діни идеологиялардың таралу жолдары мен олардан қорғану тәсілдері туралы нақты мәліметтер берілді.

Кездесу аясында қатысушылар экстремистік топтардан туындайтын негізгі қауіптермен танысып, экстремистік идеологияға тартудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы білді.

Кездесу барысында қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, дін саласындағы білікті маманнан нақты жауаптар алды.

Жастар тарапынан әсіресе, «діни білімді қайдан алуға болады, интернеттегі жалған діни ақпараттарды қалай ажырату керек және экстремизмнің алдын алу жолдары» тақырыптарында сұрақтар көптеп қойылды.

Жиынға барлығы 100-ге жуық жастар қатысты.

 

Материал Түркістан облысы бойынша ТҚК

аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/989335?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді