
2025 жылғы 26 сәуірде Жезқазған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды экологиялық шара — “Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні” ұйымдастырылды.
Іс-шараны Ұлытау облысының Дін істері басқармасы өткізіп, оған облыстағы барлық діни бірлестіктердің басшылары қатысты. Бұл — діндер арасындағы рухани бірлікті табиғатқа қамқорлықпен ұштастырған ерекше бастама болды. 





«Бүгін отырғызылған әрбір тал — ұрпаққа аманат. Бұл тек көгалдандыру ғана емес, табиғатқа деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу. Ағашты егу — игі іс, ал оны күтіп, сақтай білу — ортақ жауапкершілік», — деп атап өтті.

Бұл шара — табиғатты аялауға, экологиялық жауапкершілікке және рухани келісімге үндейтін жарқын үлгі болды.


Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-din/press/news/details/988084?lang=kk
Жауап қалдыру