
🔰 ДЕПАРТАМЕНТ: САЙРАМ АУДАНЫНДА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
🔹 Білім саласындағы өзекті мәселелерге қатысты құқықтық сауаттылықты арттыру, еңбек дауларын кәсіподақ арқылы шешу, еңбек заңнамасының орындалуы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 2025 жылдың 30 сәуірінде Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылындағы «Мәдениет» үйінде білім беру ұйымдарының басшыларымен кездесу өтті.
🔹 Кездесу барысында Департаменттің бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Дүрменов Рауан Жұмадулаұлы Сайрам ауданына қарасты білім беру ұйымдарындағы білім беру саласына қатысты ҚР Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарының орындалуы, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша, ұжымдық шарттардың маңыздылығы туралы түсіндірме берді.
🔹 Сонымен қатар, еңбек ұжымдарындағы жұмыс беруші мен жұмыскердің арасындағы еңбек қызметіне қатысты міндеттері мен құқықтары туралы да тарқатылып өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990807?lang=kk
Жауап қалдыру