🔰 ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ БОЙЫНША «ЯССЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰 ЕҢБЕК ТӘУЕКЕЛДЕР КАРТАСЫ БОЙЫНША «ЯССЫ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

🔹️ Түркістан облысындағы жұмыс сапарының барысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Биахметов Асқар Сақтағанұлы министрліктің еңбек тәуекелдер картасына енген Түркістан облысына қарасты «Яссы Құрылыс» ЖШС-нің ұжымымен кездесті.

🔹️ Кездесу кіріспесінде Департамент басшысы Әліш Амангелді Салхудинұлы кездесуге қатысушыларды Министрліктің арнайы өкілдерімен таныстыра отырып, «Яссы Құрылыс» ЖШС-нің ұжымына кездесудің басты мақсаты мен міндетін түсіндіріп өтті.

🔹️ Департамент басшысы Амангелды Салхудинұлы 2024 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасы» ақпараттық жүйесі іске қосылғандығын, еліміздің кәсіпорындарында ықтимал еңбек тәуекелдерінің алдын алу тәсілдерін жетілдіру мақсатында іске қойылғаны, ол жұмысшылардың құқықтарын қорғауда таптырмас мүмкіндік екендігін, ол бойынша тұрақты мониторинг жүргізілетіндігін ескертті.

🔹️ Кездесу барысында, Асқар Сақтағанұлы еңбек ұжымына еңбек тәуекелдері картасына енуіне қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету, айлық жалақы, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің уақытылы аударылуын бақылау министрліктің басым бағыттарының бірі екенін, сол себепті цифландыруды тиімді енгізуді қамтамасыз ету жобалары жүргізіліп жатқандығын нақтылады.

🔹️ Одан әрі, сөз кезегі «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның Бас сарапшысы, талдаушысы Омаров Ануар Серікұлына берілді. Бас сарапшы Ануар Серікұлы «Яссы Құрылыс» ЖШС-тің ұжымын еңбек тәуекелдер картасымен таныстырып, ұжым тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берді.

🔹️ Кездесу қорытындысы бойынша Асқар Сақтағанұлы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жұмыс сапасын жақсарту, жергілікті кәсіпорындардардың әлеуметтік-еңбек саласындағы жұмысын жетілдіру, сонымен қатар, кәсіпорындарда мүмкін болатын еңбек тәуекелдерінің алдын-алу тәсілдерін жетілдіруге бағытталған Еңбек тәуекелдерінің цифрлық картасын іске асыруда бірқатар ұсыныстар берді.

🔹️ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрінің күн тәртібіндегі кезекті мәселелер бойынша жұмыс сапары Шымкент қаласында жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990851?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді