🔰 ШАРДАРА: АУДАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

🔰 ШАРДАРА: АУДАНДА ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

🔹 Департаменттің тапсырмасына сәйкес, 28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Шардара ауданында жұмыскерлердің құқықтары, олардың әлеуметтік қорғалуы мен еңбек қауіпсіздігін арттыру мәселелеріне назар аудару мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

🔹 Шардара аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 28 сәуір күні еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

🔹 Іс-шараға кәсіподақ ұйымдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен бөлім қызметкерлері қатысты.

🔹 Аталмыш дөңгелек үстелде жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттардың алдын алу, сондай-ақ жасанды интеллект пен цифрландыру арқылы қауіпсіздікті арттыру мәселелері талқыланды.

🔹 Сонымен қатар, мекемелердің көрнекі жерлеріне «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған ақпараттық эскиздер орналастырылды.

🔹 Атқарылған іс-шаралар еңбек қауіпсіздігін арттыруға және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін көтеруге бағытталды.

🔹 Толығырақ: https://www.facebook.com/share/p/1AMTBsNmtz/

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990809?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді