
🔰 ТӨЛЕБИ: ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ГИГИЕНАСЫНА РЕВОЛЮЦИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР: ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІМЕН
🔹 Үстіміздегі жылдың сәуір айында Департаменттің ұйымдастыруымен «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау” күні аясында Төлеби ауданына қарасты ауылдық округтерде бірқатар іс-шаралар өткізілді.
🔹 Аудан орталығында және ауылдық округтерде «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» арналған ақпараттық баннерлер мен билборд тақтайшалары орналастырылды.
🔹 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай қарапайым еңбек адамдары туралы ролик жасалып, әлеуметтік желілерде жарияланды.
🔹 Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай кәсіптік колледждер базасында жұмысшы мамандықты таңдаған студенттермен «Мамандығым-мүмкіндігім» атты семинар өткізілді.
🔹 Сонымен қатар, “Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына революциялық көзқарастар: жұмыс орындарындағы жасанды интелект (ЖИ) пен цифрландырудың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
🔹 Ауданда атқарылған іс-шаралар Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін кеңінен дәріптеуге және жұмыскерлердің еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/990795?lang=kk
Жауап қалдыру