1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты мерекелік өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты мерекелік өнер фестивалі ұйымдастырылды.

Шараға аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлы, аудандық мәслихат төрағасы Мақсат Нұрсұлтанұлы, мекеме басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Салтанатты ашылу рәсімінде аудан басшысы жерлестерін айтулы мерекемен құттықтап, бұл күннің еліміз үшін маңыздылығына ерекше тоқталып, Қазақстан халқының бірлігі – ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті.

Өнер фестивалі барысында ауылдық округтердің өнерпаздары түрлі ұлт өкілдерінің биін билеп, көрермендердің қошеметіне бөленді.

«Қаламқас» халық ән-би ансамблінің әншілері патриоттық әндерді орындап, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кеш соңында ауылдық округтерге арнайы номинациялар табысталды.

Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Тәуелсіз еліміздің көк байрағы биіктен желбірей берсін!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-audany/press/news/details/989947?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді