
2025 жылғы 05 мамырда 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс Күнін мерекелеу аясында Жітіқара өңірлік мемлекеттік архивтің басшысы Е.Бостынец Жітіқара қаласы Абай атындағы мектеп-лицейінің 8 сынып оқушыларына «Документальное эхо войны» атты сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушыларға шынайы архивтік құжаттар негізінде Жітіқара ауданының әскери жылдар тарихы (1941-1945 жж.) қаралған бейнефильм көрсетілді.
Сондай-ақ, оқушылар Жоғарғы Бас Қолбасшы И.Сталиннің алғыс хаттарымен, марапаттау құжаттарымен, В.Ф. Николаенко және П.Е. Гричиненко естеліктерімен, Кеңес Одағының батыры Е.А. Хачиннің куәлігімен, О. М. Ержановтың Жұмысшы-шаруа Қызыл Армиясы қатарына шақыру қағазымен, фотосуреттерімен танысуға мүмкіндік алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/990317?lang=kk
Жауап қалдыру