
2025 жылғы 05 мамырда мәслихат төрайымы Л.В. Топорованың төрағалығымен 29 кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына Жамбыл ауданының әкімі А.Б. Бектасов, аудан мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты.
Сессия Facebook әлеуметтік желісінде тікелей эфирде көрсетілді.
Ағымдағы жылғы 15 наурызда бекітілген жаңа Бюджет кодексіне байланысты сессияда депутаттар Жамбыл ауданының 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетін бекітті.
Сонымен қатар, депутаттар Жамбыл ауданының аудандық жер комиссиясының дербес құрамын бекітті.
Әрі қарай кадрлық өзгерістерге байланысты учаскелік сайлау комиссиясына және Жамбыл ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhambyl-sko/press/news/details/990759?lang=kk
Жауап қалдыру