4 мамыр- Халықаралық өрт сөндірушілер күніне орай өрт сөндірушілермен сұқбат ұйымдастырылды    

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         Өңірдегі азаматтық қорғау саласында, дәлірек айтқанда өрт сөндіру саласында 300-ге жуық өрт сөндірушілер еңбек етуде. Олардың барлығы да кәсіби деңгейі сарапталып, іріктеліп, қызметке қабылданған мамандар.

          Жуырда «Qyzylorda» телеарнасындағы «Қайырлы күн, Қызылорда!» хабарында  «4 мамыр – Халықаралық өрт сөндірушілер күніне» орай өрт сөндірушілермен сұқбат ұйымдастырылды.

          Онда өрт сөндірушілер: Қызылорда қаласындағы №4 өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Медеуов Нұрхан Сақтапбергенұлы мен №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы азаматтық қорғау сержанты Ерұзақұлы Әзімбек өздерінің осы саланы, қызметті неліктен таңдағандықтарын айтты. Өрт қауіпсіздігін насихаттау жұмысын, өрттің алдын алу жөнінде, өрт сөндіру қызметінің маңыздылығын, қауырт қызметтің күнделікті тыныс-тіршілігін,  аталмыш қызметтің материалдық-техникалық жабдықталуын әңгімеледі.

        Қызылорда облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/989928?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді