5 мамыр — Қазақстанда, әлемдік қауымдастықпен бірге, Инвалидтігі бар адамдардың құқықтарын қорғау халықаралық күні атап өтіледі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысының көру қабілеті төмен азаматтарға арналған арнайы кітапханасында:
– «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты төрағасы Зарина Айдарханқызы Камасова;
– «AMANAT» партиясының Отбасы және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Кеңес мүшелері**;
– Облыстық мәслихат депутаттары Сания Мағауқызы Әубәкірова және Светлана Кәрімқызы Кривицкая қатысқан кездесу өтті.

Кездесу барысында инвалидтігі бар азаматтар мына мәселелерді көтерді:
– Қалалық инфрақұрылымның қолжетімділігі;
– Санаторий-курорттық емдеуге жеке көмекшілермен ілесу;
– Тұрғын үймен қамтамасыз ету және басқа әлеуметтік сұрақтар.

Қазақстанда инвалидтігі бар адамдардың құқықтарын қорғау үшін көп деңгейлі жүйе жұмыс істейді:
– Мемлекеттен төленетін әлеуметтік жәрдемақылар және төлемдер;
– Реабилитация бағдарламалары;
– Өмірлік қиын жағдайдағы адамдарға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер.

 

https://www.instagram.com/reel/DJSDSSLshXf/?igsh=MWxhdjZlNXYwajJwZg== 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihatvko/press/news/details/990258?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді