
7 Мамыр – Ерлік пен Елдік күні! Аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлер – жердің қорғаны, ел тұтқасы» атты салтанатты концерттік іс-шара өтті. ⠀ Шара барысында аудан әкімі Бота Серікқызы Елеусізова, Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының бастығы, полковник Нұртай Тынышбайұлы Сахиев және бірқатар сала ардагерлері мен қызметкерлері құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар табысталды. ⠀ Кеш қонақтарына патриоттық әндер мен мазмұнды қойылымдар тарту етіліп, аудан өнерпаздары әскери рухты асқақтатып, көрерменге керемет көңіл-күй сыйлады. ⠀ Отан қорғау – қасиетті борыш! Батыр бабалардың жолын жалғаған, ел тыныштығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген барша ерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-uigur/press/news/details/990383?lang=kk

Жауап қалдыру