
Абай ауданы, Қызылжар шағынауданы аумағындағы ішкі орам көшелеріне кезең-кезеңімен асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда Фараб, Тереңөзек, Ақсоғым және Ақторғай көшелеріне асфальт жабындысы төселді.
Өз кезегінде жергілікті тұрғындар атқарылып жатқан жұмыстарға ризашылықтарын білдіруде.
Бұл бастама – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жолындағы нақты қадам.
Қалада жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-zhol-kolik/press/news/details/990902?lang=kk
Жауап қалдыру