
Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Алмалы орта мектебінде 9-10-11-сынып оқушыларына арналған “Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны” атты ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды. Қатысқандар саны – 90.
Шараның мақсаты – әлеуметтік желі кеңістігінде діни және рухани қауіпсіздікті сақтау жолдарын жастарға түсіндіру, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуге Атырау облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының (АТТ) мүшесі, “Жәрдем-Атырау” ҚҚ-ның теологы Арыстан Мұхамедкәрім қатысып, заманауи интернет кеңістігінің мүмкіндіктері мен қауіптері жөнінде мазмұнды баяндама жасады.
Теолог маман әлеуметтік желіде кездесетін жалған діни уағызшыларды қалай тануға болатыны, діни ақпараттарды тек ресми, сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығы, экстремизмге қарсы күрес тәсілдері туралы айтты.
Атырау облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990246?lang=kk
Жауап қалдыру