
Алматыда «Қазақстан «РТРК» АҚ жаңа медиа орталығының құрылысы жалғасуда. Бүгінгі таңда негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарының 60% орындалды.
Құрылысты қаржыландыру 93,3% – ға Алматы қаласының бюджеті есебінен (22,2 млрд теңге) жүргізіледі. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың желтоқсанына жоспарланған. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығы кезеңіндегі есебінде айтылған.
Алматы құрылыс басқармасының ақпаратына сәйкес, болашақ медиа орталық заманауи телестудиялармен, дыбыстық павильондармен, монтаждау залдарымен және іскерлік іс-шараларға арналған кеңістіктермен жарақтандырылатын болады.
Техникалық жарақтандыру халықаралық деңгейде телевизиялық және кинематографиялық контент жасауға, сондай-ақ цифрлық форматтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үздік әлемдік стандарттарға сәйкес келетін заманауи, технологиялық медиаорталық болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/991413?lang=kk

Жауап қалдыру