
Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледж аумағында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық саппен жүру және ән айту байқауы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шараға облысымыздың әр түкпірінен келген колледж студенттері қатысты. Ер жігіттермен қатар бойжеткендер де өздерінің саптық дайындығы мен патриоттық рухын паш етіп, нағыз ұйымшылдық пен тәртіптің үлгісін көрсетті.
Байқаудың басты мақсаты – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін арттыру, әскери тәртіпке, жауапкершілікке тәрбиелеу.
ЖЕҢІМПАЗДАР ТІЗІМІ:
Ұлдар арасында:
1-орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;
2-орын – Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі;
3-орын – Ш.Уәлиханов Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжі;
“Жеңіске деген жігері үшін” – Щучинск қаласы, орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі
Қыздар арасында:
1-орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі;
2-орын – Көкшетау қаласы, жоғары техникалық колледжі;
3-орын – “Арна” Көкшетау жоғары колледжі;
“Жеңіске деген жігері үшін” – Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/991469?lang=kk
Жауап қалдыру