
АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі елде заңсыз жүрген азаматтар үшін өз еркімен қайтуға мүмкіндік беретін жаңа бағдарлама (Толығырақ: https://www.dhs.gov/news/2025/05/05/dhs-announces-historic-travel-assistance-and-stipend-voluntary-self-deportation сілтемесінде) қабылдағанына назар аударамыз.Аталған бағдарлама аясында өз еркімен қайтам деушілерге қайту билеті толық төленіп, елге жеткен соң 1000 АҚШ долл. көлемінде қаржы бөлу қарастырылған.Ол үшін CBP Home мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру қажет.АҚШ Ішкі қауіпсіздік Министрі Кристи Ноэм бұл бағдарламаға қатысты: «Қамауға алынудан және басқа да қаржылық салдарлардан аулақ болудың ең қауіпсіз, реттелген әрі үнемді жолы» деген пікір білдірді.Елшілік АҚШ-та әр-түрлі себептермен мәртебесіз, заңсыз қалып қойған ҚР азаматтарына осы мүмкіндікті мұқият қарастыруға шақырады. Сол арқылы заңсыз мигранттарға қолданылатын шаралардың алдын-алуға, мәселені заңды түрде шешуге және болашақта елге оралу құқығын сақтау үшін маңызды қадам болмақ. |
|
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-san-francisko/press/news/details/991058?lang=kk
Жауап қалдыру