Ақтөбеде Отан қорғаушылар күніне арналған облыстық көкпар чемпионаты өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Бүгін, 7 мамыр күні, Отан қорғаушылар күніне орай Актөбе облысында облыстық көкпар чемпионаты өтті. Бұл жарыс — ұлттық бірлік пен отансүйгіштік рухын насихаттайтын маңызды шара болды.

 

Чемпионатты ұйымдастырушылар – Ақтөбе облысының Көкпар федерациясы, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, сондай-ақ ат спорты түрлері бойынша мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі.

 

Жарысқа облыстың әр ауданынан келген 8 команда қатысты. Олар өз шеберліктерін, батылдығын және ұлттық спортқа деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

 

Чемпионат мерекелік атмосферада өтті: алаңда киіз үйлер тігілді, жәрмеңке ұйымдастырылды, келген қонақтар мен көрермендерге ұлттық тағамдар таратылды. Көкпар ойыны тартысты өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

 

Мұндай іс-шаралар ұлттық спортты дамытуға ғана емес, сонымен бірге патриоттық рухты, тарихқа деген құрметті нығайтуға зор үлес қосады.

 

Ойындардың қорытындысы бойынша бірінші орынды Шалқар ауданының командасы, күмісті Мәртөк, ал қоланы Ырғыз аудандарының спортшылары жеңіп алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/991178?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді