Ақтөбеде Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығының ғимаратында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке Қазақстан Республикасының туын сахнаға алып шығудан  басталды, содан соң, елдің Әнұраны Қазақ камералық хоры мен облыстық филармония солистерінен құралған оркестр сүйемелдеуімен орындалды.

Облыс әкімі Асхат Шахаров ардагерлер мен қызметтегі әскери қызметшілерді құттықтады. Өз сөзінде ол бұл мерекенің маңызын атап өтіп, Отан қорғаушылар күні – өз борышын адал атқарып, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығын күзетіп жүрген азаматтарға деген құрметтің ашықты белгісі екенін алға тартты. Асхат Шахаров биылғы жылды тарихи жадыны жаңғырту және отаншылдық рухты биіктету жылы деп атап, бұл ұғымдарды екі маңызды датаға байланыстырды: Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуы. Ол Әлия есімі халық жадында мәңгі сақталатынын жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әскери борышты өтеу Отанға деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын көрініс табатынын атап өтті. Халыққа қалтқысыз қызмет ету – әрбір адал азаматтың перзенттік парызы», – деді Асхат Шахаров. Сонымен қатар, ол ақтөбеліктер әрқашан өз жауынгерлерін мақтан тұтатынын, олар әкелердің ерлік жолын жалғап, азаматтық борышын абыроймен атқарып жүргенін тілге тиек етті.

Облыс әкімі өз сөзінің соңында жастар үшін әскери қызметтің маңыздылығына тоқталды. Жыл сайын мыңдаған ақтөбелік бозбала еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтып, халықтың бейбіт өмірін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып, қызмет етуге аттанады.

Шараның ресми бөлімінен кейін сахнада айбынды әскеріміздің әлеуеті көрсетілді. ҚР Ұлттық ұланының 6655, ҚР Қорғаныс министрлігі 30 238, ҚР ТЖМ Көкұлы Есет батыр атындағы 20982 және 20709 әскери бөлімдері,  ҚР ҰҚК Шекара қызметі саппен жүріп өтті. Ал патриоттық рухтағы концерттік бағдарлама көрермендерге жағымды әсер сыйлады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/990629?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді