Ардагерлерімізге алғыс: Кездесу және құттықтау

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Мұқаев, Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Бауыржан Атауов ғасырға жуық өмір сүріп жүрген, Ұлы Отан соғысының ардагері Томанов Мұсаның үйіне Жеңістің 80 жылдығымен құттықтап барды.
Томанов Мұса 1926 жылы 16 желтоқсанда Жаңақала ауданының Көпжасар ауылдық кеңесінің Жалтыркөл деген жерінде дүниеге келген. 1935-1942 жылдары Саралжын орталау мектебінде оқып, 7 жылдықты бітірген. 1944 жылдың қараша айында әскер қатарына алынып, 1945 жылдың ақпан айында Орынбор қаласында соғыс өнеріне үйренген соң Польша мен Германияның шекарасында соғысқа қатысады. 1945 жылдың 2 мамыры күні Германияның астанасы Берлинді алуға қатысады. Майдандағы жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дережелі “Отан соғысы” ордені, “Берлинді алғаны үшін”, Германияны жеңгені үшін”, тағы басқа көптеген мерекелік медальдармен марапатталған. Мұса ата 1950 жылы мамыр айында туған елге оралады. Көп кешікпей сол жылы шілде айында Жаңақала обаға қарсы күресу бөлімшесіне дезинфектор болып жұмысқа орналасады. Адам өмірін қауіпті аурулардан сақтау саласындағы үзліссіз ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін, 1966 жылы маусым айында “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” белгісімен марапатталды. Бір мекемеде үзліссіз 36 жыл еңбек етіп, 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Мұса ата мен Болаш апа 2 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірді.
«Сіздің өміріңіз тарихтың ерекше беттерінде, ерлік пен қажырлылықтың жарқын үлгісі ретінде сақталып келеді. 80 жыл бұрынғы жеңісіміздің негізінде сіздер салып кеткен жол және Oтанға деген шексіз сүйіспеншілікті атап өтпеске болмайды.
Жастарға көрсететін үлгі ретінде айтарыңыз қиындықтарға мойымай, бейбітшілік үшін күресу зор маңызға ие. Сіз көрсеткен батылдық әр тұлғаның жүрегінде мәңгілікке орын алып, Отан үшін жасаған ерліктеріңіз – біз үшін қымбат. Сізге батылдығыңыз бен табандылығыңыз үшін алғысымыз шексіз. Бүгінгі күні Сіз секілді ардагерлеріміздің жанында, өздеріңізге деген құрметіміз бен алғысымызды жеткізуден асқан бақыт жоқ.
Біз Сіздерді әрдайым мақтан тұтамыз және тыныш, уайымсыз күндеріміз үшін жасаған ерліктеріңізді ешқашан ұмытпаймыз!
Сізге зор денсаулық, бақыт және таусылмас күш – қуат тілеймін. Әр күн жаңа қуаныш, жылулық пен көңіл-күй сыйласын»-деп ізгі тілектерін білдірген болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zko/press/news/details/990898?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді