
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – мемлекеттің, қоғамның және әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген еліміздің ер азаматтарын ұлықтайтын, құрметтейтін күн. Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Тәуелсіз елімізге қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Расында, тәуелсіз еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденіп, қайсар, ержүрек батырлардың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасына айналған бұл күн – бейбіт елдің тыныштығын әуеде, құрылықта, теңізде қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырып жүрген әрбір азамат үшін ерекше күн.
Құрметті жарқайыңдықтар!
Отанын қорғауға арнап, қызметін мінсіз атқарып жүрген жарқайыңдықтарға алғыс білдіреміз.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды сақтауға, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! Еліміздің тыныштығын сақтау жолындағы жауапты қызметтеріңіз табысты болсын!
Бақытты ұрпақ ашық аспан астында береке-бірлікте өмір сүре берсін!
Жарқайың
аудандық мәслихаттың төрағасы А.Әлжанов
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zharkain/press/news/details/990783?lang=kk
Жауап қалдыру