Батыс Қазақстан облысында сүт өндірісі артып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

АӨК жобаларын кредиттеу бағдарламасы нақты нәтиже беруде

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы жұмыстар аясында сүт-тауар фермаларының құрылысы мен кеңейтілуі белсенді жүргізілуде. Бұл шаралар «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру» мемлекеттік бағдарламасы арқылы іске асырылып жатыр.

2023 жылы осы бағдарлама аясында 1 900 басқа арналған 4 ірі сүт-тауар фермасын салуға және кеңейтуге бірқатар қаражатбөлінді. Қазіргі таңда осы жобалардың екеуі пайдалануға берілсе, қалған екеуінің құрылысы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында аяқталады деп күтілуде.

Ал 2024 жылы тағы 3,8 миллиард теңге көлемінде бюджеттік несие қаражаты бөлініп, 400 басқа арналған жаңа сүт-тауар фермасының құрылысы қолға алынды. Бұған қосымша, жеке инвесторлардың бірі өз қаражатына осындай қуаттағы тағы бір ферманың құрылысын жүргізіп жатыр.

Жүзеге асырылып жатқан бұл жобалар облыстың сүт өніміне деген ішкі қажеттілігін өтеуге елеулі үлес қосуда. Соның нәтижесінде өңірдегі сүтпен қамтылу деңгейі 22,3%-дан 36,8%-ға дейін артып, жылдық өндіріс көлемін 41,2 мың тоннаға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-uvp/press/news/details/991237?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді