
Белград, 2025 жылғы 6 мамыр – Қазақстанның Сербиядағы Елшісі Мәди Атамқұлов Сербия Премьер-министрінің орынбасары – Ішкі істер министрі Ивица Дачичпен кездесті.
Келіссөздер барысында тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Сербия үкіметаралық комиссиясының 4-ші отырысына дайындық мәселелерін талқылады.
Инфрақұрылымдық жобалар мен іскерлік әріптестік саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды арттыру жөнінде пікір алмасты. М.Атамқұлов алдағы кездесудің экономикалық ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Серб министрі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сербияға сапары барысында (2024 жылғы 18-19 қараша) сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізудің маңыздылығын атап өтіп, серб тарапының ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін жеткізді.
Тараптар ҮАК-тың келесi отырысының дайындық жұмыстарын үйлестіру қызметін жалғастыруға келісті.
Қазақ дипломаты Серб əріптестері тарапының қолдауына ризашылығын білдірді жəне Қазақстанның өңірлік жəне халықаралық денгейде ынтымақтастығын кеңейтуге дайын екендігін қайта сендірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-belgrad/press/news/details/990992?lang=kk
Жауап қалдыру