
Глуховка ауылдық кітапханасында «Біз – Отанның сарбаздарымыз» тақырыбында патриоттық іс-шара өтті. Шара барысында кітапханашы қатысушыларға Отан қорғаушылар күні туралы мағлұмат беріп, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылу тарихына тоқталды. Әскердегі сарбаздардың ерлігі, олардың Отан алдындағы борышы туралы қызықты деректер айтылды. Ауыл мектебінің оқушылары патриоттық өлеңдер оқып, Отан туралы әндер орындады. Балалар батырлар туралы баяндамалар жасап, елімізді қорғаған ер азаматтардың ерлік істері жайлы әңгімеледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/990823?lang=kk
Жауап қалдыру