
Жіңішкеқұм ауылдық округі, Тоқабай ауылында 01-03 мамыр
аралығында «Ұлы Жеңістің 80 жылдығына» орай 2012-2013, 2014-2015,
2016-2017 ж.т жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік турнир
өтті.
Жарысқа қала, кент, ауылдық округтер бойынша 9 (тоғыз) команда
қатысып, Жіңішкеқұм ауылдық округі, Тоқабай елді мекені No248 орта
мектебінің оқушылары 33 кг салмақта Қыдырбай Нұрсұлтан І орынды
иеленіп, «Үздік баксшы» номинациясын алды.
Сонымен қатар, Ибрагим Али 32 кг, Мүсілімхан Мәди 30 кг, салмақ
дәрежесінде І орынды иеленсе, Сембеков Нұрдәулет 35 кг, Қонақбай
Ердәулет 22 кг салмақта ІІ орын, Қашақбай Айсұлтан 20 кг, Шалғынбай
Арман 24 кг, Серік Әлинұр 26 кг, Мұханов Рахман 30 кг салмақта ІІІ
орында жеңіске жетіп, диплом, медалдар алып марапатқа ие болды.
Жас спортшыларымыздың жеңісті жолы жалғасын таба беруіне
тілектесіпіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-aral-zhinishkeqym/press/news/details/989175?lang=kk

Жауап қалдыру