Бүгін емхана қызметкерлері тіл оқыту курсын тәмамдады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
№3 қалалық емхананың медицина қызметкерлері мемлекеттік тілді оқытудың үш айлық курсын сәтті аяқтады.
📌Қазақ тілін меңгертуге бағытталған тегін курсты Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырды. Оқу барысында емхана қызметкерлері, жалпы саны 40 тыңдаушы, базалық А1 деңгейін толық меңгеріп, айтылым, жазылым және тыңдалым дағдылары бойынша лексика-грамматикалық минимумды қалыптастырды.
📌Оқыту үдерісі Қарағанды облысының Тілдерді оқыту орталығы әзірлеген авторлық әдістеме негізінде жүргізілді. Тіл үйренуші тыңдаушылар заманауи талаптарға сай дайындалған А1, А2, В1, В2 деңгейлеріне арналған «Сарыарқа-3» оқу-әдістемелік кешені мен танымдық қосымшаны (хрестоматия) оқулық ретінде пайдаланды.
📚Үш айлық тегін курсты аяқтаған емхана қызметкерлері тіл мамандарына емтихан тапсырып, оқу курсын аяқтағаны туралы сертификаттарға ие болды.
📌Айта кетейік, бұл оқыту — қазақ тілін меңгертудің бастапқы сатысы. Осы деңгейді сәтті меңгерген тыңдаушылар келесі — А2 деңгейін жалғастырып оқуға дайынбыз,-дейді.Курс тәлімгерлері мемлекеттік тілді үйренуде елеулі нәтижеге қол жеткізгендерін алға тартып,ұйымдастырушыларға алғысын жолдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-til-damytu/press/news/details/991431?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді