
Ерназар ауылдық кітапханасында «Бүгінгі ұрпақ — ертеңгі ел қорғаны» атты патриоттық турнир өтті. Іс-шара кітапханашының құттықтау сөзімен басталып, патриотизм мен ел қорғаудың маңызы туралы тағылымды ойлармен жалғасты. Турнирге жоғары сынып оқушылары қатысып, ептілік пен ұйымшылдықты талап ететін түрлі сынақтарда бақ сынасты. Жастар өздерінің батылдығы мен табандылығын көрсетіп, командалық рухтың маңызын терең түсіне түсті. Сайыс қорытындысында белсенді қатысушылар мақтау грамоталарымен марапатталды. Шара қатысушылардың бойында өз еліне деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін нығайтты.
Бесқарағай аудандық орталық кітапханасының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-beskaragay/press/news/details/990340?lang=kk
Жауап қалдыру