Целиноград ауданында жастарға арналған жаңа форматтағы креативті алаң — TikTok House ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Целиноград ауданында цифрлық мәдениетті, блогинг пен креативті индустрияларды дамытуға бағытталған Selin_TikTok_Time — TikTok House атты жастар кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл бастама аудан әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылып, талантты әрі белсенді жастардың өзін-өзі дамытуына жағдай жасау мақсатында құрылды.

Іс-шараны ашқан аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлы жобаның маңыздылығына тоқталды:

 «Бүгінгі ұрпақ цифрлық әлемде өмір сүреді. Әлеуметтік платформалар тек көңіл көтеру құралы ғана емес, азаматтық ұстанымды білдірудің, әлеуметтік бастамаларды ілгерілетудің, креативті ойлауды дамытудың арнасына айналды. Жастарымыз тек бейнеролик түсіріп қана қоймай, дамып, білім алып, бір-бірін және қоғамды шабыттандыратын кеңістіктің ауданымызда ашылғанын мақтан тұтамыз».

TikTok House — жай ғана бейне студия емес. Бұл — заманауи алаң: білім мен тәжірибе алмасуға, оқыту іс-шараларын, шеберлік сағаттарын өткізуге, әлеуметтік және патриоттық бастамаларды цифрлық форматта жүзеге асыруға арналған.

Мұндай алаңды ашу — аудан жастарының әлеуетін ашуға, олардың бастамаларын қолдауға және оң онлайн-контентті дамытуға бағытталған мемлекеттік жастар саясатының нақты көрінісі.

Ашылу рәсіміне аудан басшылығы, жастар ұйымдарының өкілдері, белсенділер мен қонақтар қатысты. Іс-шара барысында алаңның мүмкіндіктері таныстырылып, қатысушылар бейресми жағдайда пікір алмасып, алғашқы идеяларымен бөлісті.

Целиноград ауданы әкімдігі жастар мен цифрлық ортаны дамытуға бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуді жалғастырады. Алдағы уақытта TikTok House жаңа буын пікір көшбасшылары мен мәдени-әлеуметтік құндылықтарды насихаттайтын амбассадорларды тәрбиелеудің маңызды орталығына айналмақ.

«TikTok House креативті жастар үшін өсу нүктесі мен тартылыс орталығына айналарына сенімдіміз. Ауданымыз жаңа идеялар мен таланттарға әрдайым ашық, әрі біз оларды жүзеге асыруға жағдай жасауға дайынбыз», — деп атап өтті Целиноград ауданының ішкі саясат бөлімі.

#TikTokHouse #ЦелиноградАуданы #ЖастарІсЖүзінде ##ШекарасызШығармашылық  #ЦифрлықҰрпақ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/991479?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді