
Бүгін Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы жұмыс сапарымен Қабанбай батыр ауылына барды.
Сапар барысында аудан әкімі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан су құбыры желілерінің құрылысының қазіргі жағдайымен танысты.
Бүгінгі күні жобаның жалпы дайындық деңгейі шамамен 50 пайызды құрайды. Ауыл ішінде су құбырларын төсеу, құдықтар орнату жұмыстары аяқталған. Алайда қолданыстағы су жүйесіне қосылу, су сорғы станциясының шатыры, есіктері мен терезелерін орнату, абаттандыру мен қоршау жұмыстары әлі жүргізілмеген.
Нысанда өткен көшпелі кеңес барысында аудан әкімі «АБДУ-констракшн» ЖШС мердігер ұйым өкілдерімен кездесіп, жұмыстардың орындалу қарқынын жеделдету қажеттігін атап өтті және жобаны аяқтау мерзімін нақты белгіледі. Жауапты тұлғаларға жұмыстың сапасы мен кестеге сай жүргізілуін бақылау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сапар аясында Дарын Сабырғалиұлы тұрғындар тарапынан азаматтарды қабылдау барысында көтерілген мәселе бойынша аумақты аралап көрді. Тексеру кезінде ауыл тұрғындарымен және тиісті бөлім басшыларымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады, мәселелерді шешу жолдарын талқылады.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жауапты лауазымды тұлғаларға нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-selinograd/press/news/details/989939?lang=kk

Жауап қалдыру