ЕМБІМҰНАЙГАЗ ҰЖЫМЫМЕН ЖАТ АҒЫМНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атырау облысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соның аясында Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен және “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қорының ұйымдастыруымен “Ембімұнайгаз” ұлттық компаниясының қызметкерлерімен маңызды кездесу өтті.

Кездесуге “Жәрдем-Атырау” корпоративтік қоры директорының орынбасары Мейірбек Құбышев, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ардагер ұстаз Серік Сапанов, “Шапағат” қоғамдық қорының теологы Нұрлан Олжабай, сондай-ақ “Ақпараттық-талдау орталығы” КММ-ның маманы Исатай Ғизатов қатысты.

Жиын барысында Мейірбек Құбышев өңірдегі діни ахуалға шолу жасап, бүгінгі таңда атқарылып жатқан жобалар мен олардан күтілетін нәтижелер жайында кеңінен баяндады. Ол діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда профилактикалық жұмыстың маңызы зор екенін атап өтті.

Серік Сапанов өз сөзінде теріс ағымдардың идеологиясына қарсы иммунитет қалыптастыруда білім мен ұлттық құндылықтардың рөлін ерекше атап өтіп, жастарға дұрыс бағыт-бағдар берудің маңыздылығын жеткізді.

Теологтар деструктивті идеологиялардың таралуына қарсы күресу үшін отбасылық тәрбиенің, дәстүрлі діннің және зайырлы білімнің үйлесімді болуы керектігін айтып өтті.

Исатай Ғизатов өз баяндамасында интернет пен әлеуметтік желілердегі діни экстремизмнің таралу қаупіне назар аударып, радикалды ағымдардың ақпараттық айла-тәсілдері туралы түсіндірді. Ол әрбір азаматтың діни ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуы керектігін ескертті.

 

Атырау облысының ТҚК аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/990242?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді