
Ағымдағы жылдың 7 мамырында Ғабит Мүсірепов атындағы аудандық мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шара өтті.
Шараға ауылдық округ әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері, мектеп оқушылары қатысты.
Салтанатты бағдарлама аясында Қызылжар ауданы Тепличное ауылында су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін мемлекеттік қызметкерлер мен аудандық мекеме қызметкерлеріне облыс әкімінің алғыс хаттары, аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді. Одан кейін мерекелік концерт берілді.
Шара мектеп оқушыларымен бірге Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеруді ұжымдық онлайн қараумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm/press/news/details/991230?lang=kk
Жауап қалдыру