
Аудандық ауруханаға бұрын болып көрмеген бағасы 8 миллион 877 мың тұратын жаңа холтер аппараты келді.
Енді жүрек жұмысындағы өзгерістерді анықтау және бақылау үшін өзіңіздің емдейтін дәрігеріңізге барып, көрсетілім болса , өз ауданымыздан ЭКГ холтер зерттеуінен өте аласыз.
Холтерлік мониторинг егер Сізде мынадай шағымдар болса тағайындалады:
• Кеуде, жүрек тұсының ауыруы және ауырлығы;
• бас айналу және естен тану;
• ентігу;
• эмоционалдық жүктемелер кезінде жүрек ауытқулары;
• жуырда бастан кешкен миокард инфарктісі;
• қант диабеті;
• қалқанша безі ауруы;
Өз денсаулығыңызды ертеңге қалдырмай, бүгіннен бастаңыз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-glubokoe/press/news/details/990044?lang=kk
Жауап қалдыру