КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кәріз жүйелері құрылысы бойынша жиналыс өтті. Аталмыш жиынға кәріз жүйесі бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан бас мердігер мекеме «Агидель – АС» ЖШС және кәріз жүйесін тартуға жауапты бөлім басшылары қатысты. Отырыс барысында қазіргі таңда Ақсу-Аюлы елді мекенінде атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасалып, бірқатар мәселелер көтерілді.
Жиналыста кәріз жүйесінің қажеттілігі мен оның ауыл тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартудағы рөлі туралы кеңінен сөз қозғалды. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының басталуы мен кезең-кезеңімен жүзеге асырылу мерзімдері талқыланып және де орын алған кемшіліктерге баса назар аударылды. Алда жоспарланған жұмыстарда біріншіден адам өмірінің қауіпсіздігі, екіншіден жұмыс сапасының сақталуына аса жоғары бақылау жүргізілетінің жеткізді.
Құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы орындау үшін қажетті барлық шаралар қолға алынатыны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/990326?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді