КЕЛЕС АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХV СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Сегізінші шақырылымдағы Келес аудандық мәслихатының кезектен тыс жиырма бесінші сессиясы болып өтті. Сессияға мәслихат төрағасының м.у.а Н.Мережепов төрағалық етті. Халық қалаулылары бас қосқан алқалы жиынға аудан әкімі Ж.Агибаев, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім мен мекеме басшылары, ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Аудандық мәслихат сессиясының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілді:

  1. Келес аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №22-166-VIII «2025-2027 жылдарға арналған ауыл және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. Келес ауданы бойынша 2025 –2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы;
  3. Келес аудандық мәслихатының 2018 жылдың 21 қарашасындағы №6-43-VI «Жер комиссиясын құрудың кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Жалпы, сессия жұмысында аталған мәселе бойынша шешім бірауыздан қолдау тауып, тиісті шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-keles/press/news/details/990368?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді