Көкшетауда Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақмола облысында Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 32 жыл толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Көкшетау қаласында өткен бұл мерекелік күн аясында қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар қызметкерлері арасында жеңіл атлетикалық эстафеталық жарыс өтті. Сонымен қатар елордалық басты әскери парад пен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзі тікелей эфирде көрсетілді.

Салтанатты шара барысында жиналған жұртшылыққа Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов құттықтау сөз арнады. Ол аумақтық қорғаныс бригадасының әскери қызметкерлерін және барлық қатысушыларды Отан қорғаушылар күнімен және Қарулы Күштердің 32 жылдық мерейтойымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

– Отан қорғаушылар күні – ерлік пен батырлықтың, патриотизм мен елге деген адалдықтың символы. Тәуелсіздігіміздің қорғаны болған, бейбіт өмір мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында абыроймен қызмет етіп жүрген барша азаматтарға ризашылығымыз шексіз. Ақмола облысында әскери қызметшілер мен ардагерлерге қолдау көрсету, сондай-ақ жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. Қорғаушыларға құрмет көрсету – баршамыздың ортақ міндетіміз, – деді өңір басшысы.

Мерекелік шара барысында құқық қорғау органдары мен Қарулы Күштер қатарындағы жиырмадан астам қызметкерге облыс әкімінің алғыс хаттары табысталды. Іс-шара «Ерлік – елге мұра» атты ерлік пен отансүйгіштік рухындағы театрландырылған концертпен қорытындыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-uvp/press/news/details/991121?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді