
Ағымдағы жылдың 30 сәуірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің жанындағы көпсалалы колледж студенттері үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді.
Акция аясында студенттер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен Мемлекеттік кірістер органдары қызметінің негізгі бағыттарымен танысты, интерактивті сессияларға қатысты және заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша практикалық кеңестер алды.
Спикерлер болашақ мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтар мен этикалық стандарттарды нығайтуға ерекше назар аударды.
Соңында оқушыларға әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы брошюралар таратылды.
#Заң_мен_Тәртіп #ЗАҢменТӘРТІП

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aqmola/press/news/details/990224?lang=kk
Жауап қалдыру