Лисаковск өңірлік мемлекеттік архивінің архившісі Кеңес Одағының Батырының 105 жыл туғанына орай мектеп сабағын өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы  05мамырдаЛисаковскөңірлік мемлекеттік архивінің архивщісі К. Баскаринова, «Лисаков қаласының білім бөлімінің Мектеп-лицейі» КММ 6 «В» сынып оқушылары үшін Кеңес Одағының Батыры Сұлтан Біржанұлы Баймагамбетовтың туғанына 105 жыл толуына орай   «Отважный Батыр-казахского народа» атты  мектепшілік сабақ өткізді.

Архивші  оқушыларға 2025 жылғы 9 мамырда Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толатын айтты. Бірақ қаншама онжылдықтар өтседе, күлге айналған қалалар мен ауылдарды, қираған шаруашылығын, соғыс уақытының ауыр жүгін арқалаған халықты, миллиондаған адам өмірінің ең маңызды және орны толмас қазынасын ұмытуға болмайлы.

Іс-шара барысында Отанын ерлікпен қорғаған Кеңес Одағының Батыры – С. Б.Баймагамбетовтың ерлігі туралы әңгімені жалғастырды. Сұлтан Біржанұлы Баймагамбетовтың өмірі еңбектері марапаттары туралы айтты.

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні қарасыңында мемлекеттік архив маманы  біздер, асыл ұрпақ ретінде аталарымызбен аталарымыздың дәстүрін лайықты жалғастыра отырып, туған жеріміздің байлығын арттырып, бейбітшілікті сақтай отырып, жерлестеріміздің ерен ерлігін қастерлі түрде қастерлеуге міндеттіміз деп еске салды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/990361?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді