Майқайың кентінде абаттандыру жұмыстары жоспарланған

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімі Майқайың кентіне іс-сапармен барды. Биылғы жылы кентті абаттандыруға бағытталған 2 жоба бар. 

 

2 жоба бойынша кенттегі 2 аула, 5 үй абаттандырылады, 3.349 км тротуар салынады. Бүгінгі күні мердігерлер анықталған. 

 

Сонымен қатар, Майқайың №2 мектебі мен емханаға күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда.

 

Кентті абаттандыру ісіне “Майқайың алтын” АҚ үлес қосуда. Кәсіпорын кентте ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізді. 

 

Естеріңізге салсақ, өткен жылы кентте 7 аула, балалар алаңы абаттанып, 9,5 шақырым жол жөнделді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-bayanaul/press/news/details/989283?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді