Кеше әріптесіміз, Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары полковник Әбдіқадыров Бекболат Қайырбекұлы ердің жасы – елуге толды.
Ол еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің Зеренді ауданындағы №17 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі болып бастаған. Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында азаматтық қорғау саласында абыроймен қызмет еткен. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Азаматтық қорғаныс басқармасы Азаматтық қорғаныс іс-шараларын жоспарлау және халықты оқыту бөлімінің аға офицері болған. Бүгінгі кезде ол Қызылорда облысы ТЖД бастығының орынбасары ретінде өңірдегі Азаматтық қорғаныс саласының қызметін ұйымдастырады. Кәсіби білікті маман ретінде жас мамандардың тәлімгері.
Бекболат Қайырбекұлын мерейтойымен және келе жатқан Отан қорғаушылар күнімен құттықтай отыра, зор денсаулық, қызметіне абырой, отбасына амандық тілейміз.
Қызылорда облысы ТЖД ұжымы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/989926?lang=kk

Жауап қалдыру