
2023 жылы Қостанай облысының қызмет көрсетуші органдары тарапынан жалпы саны 8,3 миллион мемлекеттік қызмет ұсынылды.
Ең көп қызмет денсаулық сақтау саласына тиесілі — 7,7 миллионнан астам. Білім беру саласында бұл көрсеткіш 127 мың, әлеуметтік қорғау саласында — 47 мың, ал қалалар мен аудандар әкімдіктерінде — 266 мың мемлекеттік қызмет көрсетілген.
Мемлекеттік қызметтердің 98,3%-ы электрондық форматта көрсетілді. Бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда едәуір өсім бар екенін білдіреді (91,4%-дан 98,3%-ға дейін).
Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың ең тиімді жолдарының бірі — процестерді онлайн форматқа көшіру, бұл әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді.
Арнайы ХҚКО Қостанай филиалы 2024 жылы Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы көлік құралдарын қайта ресімдеудің 81%-ын онлайн тіркеген.
Қостанай қаласының тұрғындары коммуналдық қызметтерге төлем жасауда да онлайн төлем үлесін арттыруда:
– Сумен жабдықтау үшін — 75%-дан астамы,
– Жылумен жабдықтау үшін — 84%-дан астамы екінші деңгейлі банктердің (Kaspi, Halyk және т.б.) мобильді қосымшалары арқылы төленген.Дегенмен, кейбір қызмет түрлері азаматтардың ХҚКО-ға жеке келуін талап етеді, әсіресе биометриялық сәйкестендіру мен құжаттардың түпнұсқаларын ұсынуға байланысты.
ХҚКО-ларда “Connection Point” өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары жұмыс істейді. Онда азаматтарға кеңес беріліп, электронды қызметтерді алуға көмек көрсетіледі.
2024 жылы Қостанай тұрғындары осы арқылы 500 мыңнан астам қызмет алған.
Халыққа қолайлы болу үшін Қостанай қаласындағы Орталық ХҚКО-ны Тәуелсіздік көшесі, 114 мекенжайындағы бұрынғы ғимаратына көшіру жоспарлануда.
Қорытынды:
Жаңа технологияларды енгізу, процестерді оңтайландыру, халықпен тиімді байланыс орнату және қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру — мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/990878?lang=kk
Жауап қалдыру