Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

  2025 жылғы 6 мамырда сағат 11.00-де Ақмола облысының дін істері басқармасы «Достар» МС конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында «ЫНТЫМАҚ» діни бірлестіктері басшыларының жиналысы аясында Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған дөңгелек үстел өткізді.

 Дөңгелек үстел жұмысына Көкшетау қаласының діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

 Дін істері басқармасының басшысы Болат Негметжанұлы Касенов Көкшетау және Ақмола Епархиясының жаңа басқарушысын таныстырып, қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

 Одан әрі Б.Н.Касенов Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекелерінің маңыздылығы туралы айтып берді. Өз сөзінде ол «7 және 9 мамыр мерекелерінің ұрпақтар сабақтастығы ретінде қатар атап өтілуі аса маңызды. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды! Уақыт өте келе, Ұлы Жеңістің тарихтағы орны айқын әрі маңызды бола түсуде. Бұл бүкіл адамзат үшін өмірдің құндылығын айқындаған тарихи оқиға. Біз бұл генеалогияны ұрпақтан ұрпаққа абыроймен беруге міндеттіміз. Өскелең ұрпақ Ұлы Отан соғысы қахармандарының алдында бас иіп, әрқашан үлгі алып, мақтаныш етуге тиіс. Біздің ортақ міндетіміз – соғысқа жол бермеу, еліміздің тыныштығын сақтау және болашақ ұрпақтың бейбіт өмір сүруін қамтамасыз ету». Мереке аясында республикада және облыста өтетін іс-шаралар туралы баяндады. Сөз соңында ол қатысушыларды келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

 Ш.Уәлиханов ат.Көкшетау университетінің лекторы, тарих магистрі Ғалымтай Мәлікұлы Төлепбергенов өз сөзінде ҰОС жылдарында Көкшетау облысынан шақырылғандар туралы тілге тиек етті. Сонымен қатар, «Рейхстагта жеңіс туын алғашқы көтерген Рахымжан Қошқарбаевтың ерлігін ұзақ даулардан кейін Ресей тарабы қолдағанын атап өтті. Жеңіс күні – Отанын қорғау үшін бірге болған ата-бабаларымызды еске алу күні . Қазақстан аумағынан 1 200,0 мың адам жұмылдырылды. Сол қиын-қыстау кезеңде халқымыз өзін ең жақсы жағынан көрсетті».

 Көкшетау епархиясының архиепископы Варсонофий мен иерей В.В.Анферов, сондай-ақ Евангелиялық-лютерандық приходтың басшысы Э.А. Красовский Жеңіс күнінің маңыздылығы мен туған-туыстары туралы естеліктерімен бөлісті.

 Іс-шара соңында ДІБ басшысы Б.Н.Касенов баршаны келе жатқан мерекелер – Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен тағы да құттықтап, «Ата-бабаларымыздың өміріне, Отанына деген алғыс жүрегімізде мәңгілік болсын, бақытты да қуанышты, ең бастысы бейбіт және нұрлы күндеріміз көп болсын» деп тіледі.   

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-din/press/news/details/990815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді